{metadescription}
Алматы облысында пара алу сәтінде тергеушілерге оқ атқан полицейлер іздестіріліп жатыр
Алматы облысында пара алу сәтінде тергеушілерге оқ атқан полицейлер іздестіріліп жатыр

Алматы облысында пара алу сәтінде тергеушілерге оқ атқан полицейлер іздестіріліп жатыр

Алматы облысында жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдеріне оқ атқан полицейлер іздестіріліп жатыр. Мәліметтерге қарағанда Жаркент қаласының полиция сержанты сыбайластарымен бірге пара алып жатқанда қолға түскен. Бірақ жазадан сытылмақ болған шенділер оқ жаудырып, оқиға орнынан қашып кетіпті.

Тергеу мәліметтері бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімінің үш сақшысы, тәркіленген ондатр терісін броконьерге қайтарып бермек болған. Сөйтіп, келісілген ақшаны алып жатқанда, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлеріне ұсталып қалыпты. Бірақ полицейлер берілудің орнына, табельдік тапаншамен атыс шығарып, із суытқан.

Арман Бердалин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел тобына үш рет оқ атты. Салдарынан үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Олар ҚРҚК-нің 339 бабы бойынша бұрын тәркіленген 2491 дана ондатра терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Қазір оқ атқан  полицейлер жер-көктен іздестіріліп жатыр. Ал, Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшылығы қол астындағыларының былығынан соң, түгел  қызметінен босатылған.

Серік Үпиев, Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Алматы облысы полиция департаменті осы дерек бойынша ҚРҚК-нің 380-ші бабына сәйкес қылмыстық өндіріс жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қатаң бақылауға алынды.

Жемқорлыққа қарсы бюро пара алған полицейлерден бөлек,әкім орынбасарлары мен СЭС мамандарының былығын да әшкереледі. Мәселен, мына видеода «Алматы жол лабороториясы» жетекшісінің ауызбастырықпен ұсталғаны бейнеленген. Мәліметтер бойынша ол, сапасыз жолды қабылдап алу үшін әлдебір компания басшысынан 2 миллион теңге пара алыпты.

Қостанай облысы Федеров ауданының әкім орынбасары да жолдан ақша жасаған. Яғни, ауданның трассасын күтіп ұстауға қатысты жалған актілерге қол қойып, небары 150 мың теңге үшін шатылып жатыр. Енді парамен ұсталғандар біраз жыл бостандық көрмеуі мүмкін. Ал, тапаншадан оқ атып, жасырынған сақшылар болса, 10 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.