{metadescription}
«Болашақ» бағдарламасының түлегі ерекше фильм түсірді
«Болашақ» бағдарламасының түлегі ерекше фильм түсірді

«Болашақ» бағдарламасының түлегі ерекше фильм түсірді

Отандық жас режиссер қос картинасын көпшілікке таныстырды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұрат Есжан «Парижге кетем бір күні» және «Тиын» фильмдерінің тұсауын кесті. Соңғысы жазушы Лира Қоныстың әңгіме желісі негізінде түсірілген.

«Тиын» фильмінде әкесінен айырылған баланың өмірі суреттеледі. Тірідей жетім қалған Қайсар ауылдағы атасының қолында қалады. Режиссер ата мен немере арасындағы жіпсіз байланысты көрерменге шебер жеткізген. Бұдан бөлек, Мұрат Есжанның «Парижге кетем бір күні» фильмінің де тұсауы кесілді. Бұл туынды бастан-аяқ Америкада түсірілген. Екі фильм де фестиваль форматындағы авторлық жұмыстар болғандықтан үлкен экранға шықпайды. Сондықтан қос туынды болашақта халықаралық байқауларға қатыспақ.   

Мұрат Есжан, режиссер:

- Ештеңе түсірмей, жазбай тұрғаннан бері өзімде мақсат болған. Ол біздің қазақтың әдебиетін киноға айналдыру. Өйткені, әдебиеттің бірден бір насихаты кино. Шетелдік күшті туындылардың негізінде әдебиет жатады. Сондықтан біздің әдебиетіміз жеткілікті дәрежеде экрандалған жоқ. «Тиын» бұл да әдебиет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде