Қазақстан мен Франция бірлесіп маман даярлай бастайды
Жастардың игілігі үшін жасалған жаңа бағдарламада, әсіресе, денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінбек.
Автор: Аруна Ортай
19.04.2019
Екі елді одан сайын жақындата түсетін шараны Тұңғыш президент қоры ұйымдастырды. Жас мамандарды жоғары деңгейде даярлау мәселесін қозғаған форумға қазақ-француз жоғары оқу орны басшылары мен белгілі саясаткерлер қатысты. Тараптарды денсаулық сақтау, құқық секілді маңызды салалармен қатар қауіпсіздік мәселесі де алаңдатқан. Екеуара бірігіп, маман даярлау келісімге қол қойған өкілдер Франциядан келген қонақтарға Нотр-дамға қатысты қайғырып көңіл айтты.
Игорь Рогов, Тұңғыш президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Француз әріптестерімізбен бұрынан жақсы қарым-қатынастамыз. Франция елшілігі мен Сорбонна институтымен бірігіп бірнеше фестиваль өткіздік. Францияның таңдай қақтырар өнерін насихаттадық. Жастар арасында да түрлі байқаулар ұйымдастырдық. Сол себепті де, енді қауіпсіздік мәселесінде бірге ақылдасуды жөн санадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!