Қазақтың халық емдерін брендке айналдырмақ
Маралдың қаны, шөптің тамыры сынды табиғи емдеу жолдарының әдістемесін жасап, қолданысқа енгізбек. Бурабайда өткен «Шипажай» форумында басты тақырыптардың бірі осы болды.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.04.2019
Ажар Төлеғалиева, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы басшысының орынбасары:
- Әр түрлі малдың майларымен емдеп жатады. Әр түрлі жануарлардың мысалы, маралдардың қанының денсаулыққа жақсы әсері анықталып отыр. Ғылымда дәлелденген емдерді өзіміздің емдік хаттамаларымызға қосамыз.
Әсіресе Қытай қазақтарының арасында сақталған дәстүрлі ем түрлерін қолданысқа енгізбек. Байырғы бақсылардан қалған ем тәсілдерін де қайта жаңғыртуды көздеп отыр. Президент іс басқармасының медициналық орталығы осылайша «Қазақ емі» деген жаңа жобаны қолға алмақшы. Президент іс басқарушысының орынбасары Қанат Шөкеновтің айтуынша, ота жасалған науқастар ауруханадан шыққаннан кейін ары қарай аяқтан тұрып, жарасының жазылып кетуіне өзі ғана жауапты. Бурабай табиғатын барынша тиімді пайдалану керектігін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықбаев та қолдайды. Бүгінде елімізде 200-дей сауықтыру мен оңалту орындары бар. Егер шипажайлар 60 пайызға толса, онда пайдалы деп есептеледі екен. Ал біздегі шипажайлар 95-100 пайызға дейін толады. Демек, шипажай бизнесін дамытуға жақсы мүмкіндік туып тұр.
Федерико Соммаруга, Швейцариялық туристік компания өкілі:
- Бурабай да Қазақсанның кіші Швейцариясы сияқты. Швейцария қазіргі уақытта медициналық туризмін қатты дамытып жатыр. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге қарсы емеспіз. Қарапайым мысал, Бурабайда велосипед жолдарын салса болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!