{metadescription}
Атырауда тапа-тал түсте үйінің алдында адамды атып кетті
Атырауда тапа-тал түсте үйінің алдында адамды атып кетті

Атырауда тапа-тал түсте үйінің алдында адамды атып кетті

Оқиға сол маңда орнатылған бақылау камераларының біріне түсіп қалған.

Шахназар Нұрғалиев, куәгер:

- Үйде отыр едім бір тарс еткен қатты дауыс естідім. Терезеге қарасам, жерде бір адам жатыр. 10 минуттан соң жедел жәрдем де келіп жетті. Зардап шегуші тыныс алып жатты.  

Оқиға қаладағы «Вокзал маңы» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Мына бейнекадрлардан есік алдында жүрген 32 жастағы азаматты әлдекімдердің ту сыртынан келіп атып, қашып кеткенін көруге болады. Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, оқиғаға қатысы бар жігіттердің барлығы бұзақылығымен аты шыққан Мақат ауданының тумалары. Күдікті екеу: бірі 39 жаста, екіншісі 17-де. Не себепті оқ атқандары әзірге белгісіз. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталған.

Рафхат Қанатов, Атырау облыстық ауруханасының дәрігері:

- Науқасқа жедел түрде операция жасалды. Кеудеден алған ауыр жарақатына реанимацияға жатқызылды. Бірақ таңғы сағат жетілер шамасында қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.