{metadescription}
Алматыда сегізінші рет дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтті
Алматыда сегізінші рет дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтті

Алматыда сегізінші рет дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтті

Орталық Азиядағы ең ауқымды шараға биыл 17 мың адам қатысқан. Тіпті, Алматыға әлемнің 53 елінен желаяқтар келген. Қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерге бөлеген спорттық мерекенің бас демеушісі Kaspi.kz болды.

17 мың қатысушының әрқайсы мәре сызығына бірінші жетуге үміткер. Алайда, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықты жүгіріп өту оңай шаруа емес. Спортшылар алдын-ала дайындықтарын пысықтап, күнделікті жаттығудан қол үзбегендерін айтады. Тіпті, араларында марафонға бірнеше жыл қатарынан қатысып жүргендер бар.

- Бұл менің үшінші рет жүгіруім Алматы марафонында. Ауа-райына қарамастан көңіл-күйіміз керемет. Осындай жарыстар көбейе берсін.

Биыл марафонға келушілер жағынан рекорд жасады. Олардың қатарында Ресей, Қырғызстан, Қытай, Канада, Австралия мен Кениядан да қонақтар бар. Спортшылардың жас ерекшелігі де әр түрлі. Жүгірушілермен қатар скандинавиялық жүрісті ұнататындар да жолға шықты. Барлығы биылғы марафон ерекше дейді. 

- Каспиге алғысым шексіз! Ұйымдастырушы ретінде және қатысуға үлкен мүмкіндік беріп тұрғанына өте қуаныштымын. Kaspi.kz секілді ережелері өте ыңғайлы және тиімді болып келе жатыр. Сондықтан марафон ұйымдастырушылар мен Каспиге ағысымды білдіремін.

Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық мерекеде 10 шақырымдық қашықтыққа ең көп адам қатысса, командалық Экиденде 163 команда бақ сынады. Шараны қолдаумен қатар жарыс жолына шыққан Kaspi.kz командасы 42 шақырымдық экиденде бас жүлдеге ие болды.

- Марафонды бәрі Kaspi.kz-пен байланыстырады. «Kaspi.kz салауатты өмір салтын ұстанатын компания» дейді. Барлық жерде Kaspi.kz-тің логотипі. Әсіресе сөреге 150 метр қалғанда әдемі жазумен тұр. Барлық спортшылар Kaspі-ді жақсы көреді. 

Биыл сөрелік жарнадан түскен қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған үш спорт алаңын тұрғызуға жұмсалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде