{metadescription}
Жетісайлық апалы-сіңлілі үш қыз бейімдеу орталығына орналастырылды
Жетісайлық апалы-сіңлілі үш қыз бейімдеу орталығына орналастырылды

Жетісайлық апалы-сіңлілі үш қыз бейімдеу орталығына орналастырылды

Өгей шешеден зәбір көрген жетісайлық апалы-сіңлілі үш қыз Шымкенттегі бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал олардың өгей анасынан туылған екі жастағы інісі сәбилер үйіне өткізілді. Олар орталыққа Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен жөнелтіліп отыр.

Назгүл Құрманалиева, Шымкент қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары:

- 3 айға дейін жатуы мүмкін. Келгенде ашулану болды. Бірақ орталыққа үйренді. Жағдайлары бірқалыпты. Оқуда.

Қазір олармен орталықтың психолог мамандары жіті жұмыс істеп жатыр. Ал бөбектер үйіне орналастырылған сәби туралы мәлімет жоқ. Жеткіншектермен де жолығуға ешкімге рұқсат берілмеген. Тергеушілер тілшілер түгілі туған-туыстарына тыйым салыпты. Айта кетсек, үш қыздың өгей шешесінен екі жылға жуық уақыт таяқ жеп келгені туралы ақпар апта бұрын тараған болатын. Оқушы қыздарды 28 жастағы әйел темірмен ұрып, тырнақтарына ине тығып қинап, жуынды ішкізген көрінеді. Аяғы ауыр бұл әйел қазір үйқамақта отыр. Оған қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде