Ақтөбеде оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
20 бала мен бір мұғалім облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Барлығы №9 гимназияның асханасынан ас ішкенін айтқан. Қазір 19 оқушыны үйден емдеуге ата-аналары алып кетсе, екеуі ауруханада қалған. Бірақ білім ошағының басшылары бұдан бейхабармыз деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.04.2019
Элеонора Төлегенова, №9 гимназияның әлеуметтік педагогы:
- Ешқандай қорытынды жоқ. Сэс ешқандай қорытынды берген жоқ.
Астан ұшынған оқушылардың барлығы бастауыш сыныпта оқиды. Мектеп асханасынан тамақ жеп болған соң, ертіп барған апайларынан бастап барлығының жүрегі айныған. Араларында ыстығы көтерілгендері де бар. Дәрігерлер оларға жұқпалы ішек ауруы деген диагноз қойыпты. Олардың гимназия асханасынан уланғанын санитар мамандар да растап отыр. Қазір асхананы жауып тастаған. Тексеруге кіріскендер мұндағы жағдайдың оңып тұрмағанын айтады. Ыдыс-аяқ дұрыс жуылмай, азық-түлік қалай болса солай сақталған. Тіпті асхананы жалға алған кәсіпкердің қолында санитарлық рұқсат қағазы болмай шықты.
Айсәуле Оралбаева, Ақтөбе қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Мектептің асханасына жоспардан тыс тексеру аштық. Тексеру барысында жеке кәсіпкер Наурызбаев осы жылдың үшінші сәуірінен бастап санитарлық эпидемиялогиялық қортындысыз жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!