Шұңқырға түскен жігітті әрең құтқарды
Құбырдың құрбаны бола жаздады. Көкшетауда жер үйлерге су құбырын тартуға қазылған шұңқырға, абайсызда түсіп кеткен 25 жастағы жігітті, қаланың бүкіл құтқару қызметі жабылып әрең құтқарды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
23.04.2019
Оқиға кешқұрым болған. Күндіз тұрғындардың шақыруымен арнайы экскаватор жерді қажетінше қазып кеткен. Бірақ, қазылған жер қоршалмай, ашық күйінде жатқан. 25 жастағы жігіт өтіп бара жатып аяғы тайып кетіп, терең үңгірге бір-ақ құлаған. Оның үстінен топырақ жауып қалыпты. Сыз тартқан жердегі үйінді астына белуардан батқан жігіт өз бетімен шыға алмай, көршілері құтқарушыларды шақырған. Бірақ, дымқыл жер жігітті төмен қарай тартып кеткен. 1 сағат бойы әуре сарсаңға түскен құтқарушылар, ақырында оны аман-есен жер бетіне алып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!