{metadescription}
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шара басталды
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шара басталды

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шара басталды

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған 10 күндік қайырымдылық шара басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған жоба аясында 7-ден 15 жасқа дейінгі жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мен бой сергітуге арналған ойындар қарастырылған. Күніне қаладағы әрбір  балалар үйі мен интернаттардан 20 баладан 10 күннің ішінде 200 жеткіншекті қуанту жоспарланған екен. 

Мұндай жобаны алғаш рет қолға алған ұйымдастырушылар, мейірімге зәру балаларға арналған жобаның бастапқы нәтижесі жақсы екендігіне дән риза. Озат оқушылардан бөлек, өзін жақсы ұстай білетін балақайлардың да мұнда келуіне мүмкіндік жасалған. Бір күн болса да тиянақты дәріс беріп, тың ақпаратпен хабардар етуге тырысатын ұстаздар әрбіріне қалай көңіл бөлу керектігін жақсы біледі.  

Денис Ван ден Вейх, «Атакент» ҚІСО басшысы:

- Балалар бұл жерде өздерінің шығармашылық қабілеттерін арттырады. Барлығын тиянақты орындау үшін біздің кәсіби мұғалімдер көмектеседі. Балалар ақ қағаз секілді. Олардың дамуына қаншалықты үлес қоссақ, соншалықты дамиды.   

Ал, мұндай жобаның бастамасына мұрындық болған жандарға «АЯЛА» қайырымдылық қорының да көмегі көптеп тиген. Балалар үйі мен интернаттардың басшыларымен тілдесіп, жеткіншектердің көңіл сергітуіне мүмкіндік жасағандар, бір күндік серуеннің балалар үшін орны ерекше болғандығын айтуда.   

Әсел Маратова, «Аяла» қайырымдылық қорының медиадиректоры:

- Балалардың көңіл күйі тамаша. Мәз болып тағы да келгілері келетінін айтып қуанып жүр. 

«Атакент» орталығына келген балалар сурет салып, тіпті арнайы тауға да өрмелей алады. Таңертеңнен кешке дейін әртүрлі тапсырмалармен шұғылданатын жеткіншектер, әсіресе серіппеде ойнағанды жақсы көреді екен. Тіпті, арнайы қызметкерлер қабілеті бар балақайларға кәсіби серіппелерге секіруге мүмкіндік жасапты.     

Бауыржан Баякешов, Серіппе гравити кешенінің басшысы:

- Балалардың ең жақсы ұнататыны батуттары, профессионалдық батуттар болады. Бұл үлкен кісілерге арналған. Балалар егер жақсы секірсе, өздерінің дәрежелерін көрсетсе, біз оларға рұқсат береміз. 

Жыл сайын балалар үйінің тәрбиленушілерін мектеп заттарымен жабдықтауды дәстүрге айналдырған ұйымдастырушылар, жаңа жобаның да жемісті болатындығына сенімді. Жеткіншектердің жан-жақты болып өсуіне үлес қосуды көздегендер, бұл істің ары қарай жалғасуын ойластырамыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.