{metadescription}
Кепілдікте тұрған көлікті арзанға алып беремін деп елді алдаған келіншек ұсталды
Кепілдікте тұрған көлікті арзанға алып беремін деп елді алдаған келіншек ұсталды

Кепілдікте тұрған көлікті арзанға алып беремін деп елді алдаған келіншек ұсталды

Алматыда машина сатып алушыларды тақырға отырғызды деген күдікпен бір келіншек ұсталды. 28 жастағы әйелден Алматы қаласы мен Қызылорда облысының аумағында жапа шеккендер саны 20-дан асады.

Полициядағылардың хабарлауынша, күдікті Ақмарал Байділдаева - Қызылорда облысының тумасы. Бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Тергеу барысында оның коллекторлық компанияның делдалы ретінде таныстырып, жұрттың сеніміне кіргені анықталды. Байділдаева жұртқа банкте кепілдікте тұрған автокөлікті арзан бағаға алып беремін деп уәде беріпті. Қымбат шетелдік темір тұлпар иеленгісі келген азаматтар төлемді алдын-ала толық төлеген. Сөйтіп, күдікті барлығы 30 миллионнан аса теңгені қалтасына басқан. Қазір Ақмарал Байділдаеваға қатысты арыз жазушылардың саны көбейіп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- 5 млн тұратын автокөлікті өз ақшасына сатып алып оны 4 млн-ға өткізген. Содан соң сатып алатын азамат «Қалайша сіз арзан беріп отырсыз десе?» «Бұл несиеде кепілдікте тұрған автокөлік. Қажет болса сізге тағы да көлік шығарып берейін» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде