{metadescription}
Тараздағы жолдың сапасы жүргізушілердің ашуын шақырды
Тараздағы жолдың сапасы жүргізушілердің ашуын шақырды

Тараздағы жолдың сапасы жүргізушілердің ашуын шақырды

Өйткені қаладағы тас жолдардың тас-талқан болғаны сонша, апандай болған шұңқырларға автобустар түсіп шыға алмай жатыр. Осындай азаптан зәрезап болған тұрғындар биліктен шұрық - тесік жолдарды жөндеуді талап етіп отыр.

Әлеуметтік желіге тараған осы көрініс тұрғындардың белсенділігін арттырды. Іле-шала осы тақілеттес видеоларқұдды бір флешмоб секілді желіге бірінен соң бірі жүктеле бастады. Кадарларда тараздағы жолдың сапасы сынға алынған. Әбден тоз-тозы шыққан жолдан жүргізушілердің шаршағаны байқалады.

- Жолдың сапасы нөл.

Таразда бармақпен баға беретін жол жоқтың қасы дейді тұрғындар. Көбінің жол сапасын бағалау өлшемі екіден аспады. Шаһардағы ең ірі базарға барар тас жолдың да сиқы осы. Ой-шұқырдың кесірінен көліктер қозғала алмай, күн ұзаққа кептелісте тұрады.

Ал мынау Мәмбет батыр атындағы көше. Көріп тұрғандарыңыздай астаң-кестеңі шығып жатыр. Салдарынан көліктердің қозғалысы да өгіз-аяң. Екі жыл бұрын мұнда тас жол сүріліп, жылу құбырлары жөнделген. Қазылған жер біраз уақыт ашық жатып, кейін ел шулағасын әзер көмілген еді. Бірақ сол күйі мұнда асфальт төселмеді.

Ал азаматтардың белсенділігі шенеуніктердіқызметтеріне қауырт кірісуге мәжбүрлегендей. Даурыққан елді сабырға шақыру үшін билік өкілдері шұғыл жиын өткізіп, жағдайды түсіндіруге тырысты. Шенділердің сөзінше, биыл қаланың жолын жаңалауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бейсенбек Жанбосынов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Қоғамдық көліктер жүретін көшедегі жөндеу жұмыстары биыл толығымен аяқталады. Ал тратуарлар мен  асфальт салуды биыл немесе келесі жылы толығымен аяқтаймыз.

Қаладағы тоз-тозы шыққан жолдарды бес жылда толығымен жамап-жасқау көзделген дейді шенеунік. Бірақ, бар жыртықты бүтіндеп болғанша, басқасы пайда болары түйсігі барға түсінікті. Сондықтан бұқара жоспарды бестен, екі жылға қысқартуға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде