{metadescription}
СҚО-да мектеп қабырғасы құлады
СҚО-да мектеп қабырғасы құлады

СҚО-да мектеп қабырғасы құлады

Апат Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласындағы 300-ден аса оқушысы бар білім ошағында болды. Абырой болғанда, зардап шеккен жан жоқ. Өйткені, қаусап тұрған қабырға түнде құлапты. 50 жыл бұрын салынған ғимаратқа соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 6 жыл бұрын жасалған екен. Жаңа оқу жылы басталарда жауапты мекемелер ғимарат оқу процесіне әзір деген төлқұжат та берген.

Бұл мектепке жанаса салынған қосалқы нысанның қос қабырғасы. 2-ші қабаттан түсетін баспалдағымен бірге түн ішінде сау етіп құлаған. 1971 жылы салынған ғимаратта сызат пайда бола бастағаннан бері мектеп басшылығы дабыл қағыпты. Дәл апат болған кезде аудандағы барлық қызмет осы жерде болған.

Осы жерде болдық деп тұрған жергілікті құтқару қызметі мен аудан басшылары. Алайда, сол түнде түсірілген суреттерде не бір адам, не техника көрінбейді. Есесіне қосалқы ғимарат қабырғалары құлаған кезде, мектеп терезелері де шытынап, сынып кеткен. Жергілікті тұрғындар болса апатты алдын ала біле тұра, құлағанша күтті деп, шенеуніктерге наразы. 

Галина  Кутателадзе, Тайынша қаласының тұрғыны:

- Бұл басшылардың бассыздығы. Өзі ескі мектеп. Кезінде біздің балалар оқыған. Жамап жасқап, ата аналардан ақша жинап жөндеу жасайды. Ешкім жауап бермейді, әрине құлайды сосын.

Ал, атқарушы биліктің айтары басқа. Құлау алдында тұрған ғимаратты апатты деп ресми түрде таныпты. Әйтсе де, нысан олар ойлағаннан ертерек құлаған. Яғни, оны сүруге жеке серіктестікті жалдағанмен, істі соңына жеткізіп үлгірмепті. Есесіне апат орнын жойып үлгірген. Тіпті балшығы түскен жерлерге сылақ та жүргізіп тастапты.

Иван Турков, Тайынша ауданының әкімі:

- Қабырғаның опырылып түсетінін күткен жоқпыз. Негізі оқу жылы аяқталған соң дәл осы нысанның бөлігін сүру жоспарланған. Бірақ, қар еріген кезде қауіп күшейді, содан соң жеке серіктестік ақырын бұза бастаған. Қолымызда сараптама да бар.

Мектептің ішкі қабырғасы да бүлінген. Спорт залын жауып тастапты. Бірақ сабақ тоқтаған жоқ. Әзірге балаларға мектептің арғы бетіне баруға болмайды. Шенеуніктер 1 аптада бәрін ретке келтіреміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.