Әділет министрлігі біраз айыппұл түрін жеңілдетуді ұсынып отыр
Сондай заң жобасын министр Марат Бекетаев бүгін Мәжіліс қарауына ұсынды. Ол әкімшілік құқықбұзушылықтың кейбір баптарын мүлдем сызып тастау керек дейді.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.04.2019
Министр ұсынған заң жобасында әкімшілік құқықбұзушылықтың 44 түрі бойынша айыппұл көлемін төмендету көзделген. Тағы 10 түрін біраз жеңілдетіп, және де алтауын тек ескерту түріне ауыстыруды заң жүзінде енгізу керек дейді. Ал 32 түрін заңнан мүлде алып тастауды көздейді.
Марат Бекетаев, Әділет министрі:
- Әкімшілік құқықбұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртіптік іс жүргізу арқылы қарауға болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру сияқты іс-шаралар орындалуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!