{metadescription}
Сәдібек Түгел емтиханды ойдағыдай тапсырды
Сәдібек Түгел емтиханды ойдағыдай тапсырды

Сәдібек Түгел емтиханды ойдағыдай тапсырды

Осы тұста президентікке үміткер ретінде ұсынылған екінші адам қазақ тілінен емтиханды ойдағыдай тапсырды. «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысының атынан ұсынылған Сәдібек Түгел шығарма жазудан аздап сүрінгенімен, лингвисталық комиссия оны өрескел қателік деп санаған жоқ.

Ғарифолла Есім, лингвистикалық комиссия мүшесі:

Үш беттен аспайтын мәтінді оқыды. Бұл кісі Әбіш Кекілбайдың «Дала балладасын» таңдап алып соны оқып берді мәнерлеп. Оқу барысында оқу мәдениетін көрсетті.

Алдымен «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – тарихы мен бүгіні» тақырыбында шығарма жазған Сәдібек Түгел емледен қате жіберген. Бірақ үміткер мәтінді дауыстап оқу мен сөз сөйлеу кезінде тосылып қалмапты. Сондықтан лингвистикалық коммиссия мүшелері 64 жастағы Сәдібек Түгел қазақ тілінде  сауатты жазады, сөйлейді деген шешім шығарды. Жазушы, журналист, академик Сәдібек Түгел – «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысының төрағасы. Сондай-ақ, Сәдібек Түгел 2000-шы жылдардың басында Елорда әкімдігінде баспасөз хатшысы және Сенатта бөлім басшысы болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.