Ел тариxында алғаш рет әйел адам президенттіке үміткер ретінде ұсынылды
Бүгін құрылтайын өткізген «Aq Jol» партиясы саяси додаға Дания Еспаева қатысады деп шешті.
Автор: Әсел Тұмашқызы
24.04.2019
Негізі, Ақ жолдың атынан Президенттікке кандидат болуға 6 адам бақ сынап көрді. Олардың арасынан лайықты үміткерді таңдау үш сағатқа созылып кетті. Ұзақ талқылаудан соң, жасырын дауыс беру басталды. Сөйтіп, партияластары Дания Еспаеваға тоқтады.
58 жастағы Дания Еспаева мамандығы бойынша банкир. Бұл салада 34 жыл тәжірибесі бар. Ал 2016 жылдан бері Мәжіліс депутаты. Бүгін мінберден жалындатып сөз сөйлеген ол елімізде әуелі әлеуметтік салаға басымдық беру керек дейді. Сонымен қатар банкир ретінде экономикадағы жүйесіздіктермен күреспек ойда. Алдымен Ұлттық қордағы ақшаның тиімді жұмсалуын басты назарға алмақшы.
Дания Еспаева, AQ JOL демократиялық партиясының мүшесі:
- Қазіргі кезде ұлттық қордан жыл сайын 2,3 трлн ақша трансфертпен шығарылады. Ал, басқа елдерге қарасақ, қайсысы қордағы қаржыны жұмсауға рұқсат береді. Осы мәселені көтеремін.
Осылайша, президенттікке кандидат Дания Еспаева көпбалалы аналардың мәселесін шешіп, жемқорлықпен де күресемін деп отыр. Оның ойынша тек әйел бар жерде ғана тәртіп болады. Десек те бизнесмендер партиясының үміткері алдымен орталық сайлау комиссиясына барып, құжат тапсыруы керек. Кейін тиісті сынақтардан өтсе ғана президенттікке ресми түрде кандидат атана алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!