{metadescription}
Алматыда танымал дизайнерлер сәнді киінудің құпиясымен бөлісті
Алматыда танымал дизайнерлер сәнді киінудің құпиясымен бөлісті

Алматыда танымал дизайнерлер сәнді киінудің құпиясымен бөлісті

Алдағы күз бен қыс мезгілінде сәнді киінгіңіз келсе, ақ пен қара түстен тігілген киімдерді таңдаңыз. Kazakhstan fashion week-ке келген дизайнерлер осылай кеңес береді. Алматыда өтіп жатқан сән апталығына Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінің шеберлері де қатысып жатыр. Шараның биылғы ерекшелігі - ғаламдағы ашаршылық пен соғыс тақырыбына дизайнерлер авторлық жұмыстары арқылы үн қосты.

Сахна сыртындағы абыр-сабыр сән шарасының маңызды бөлігі. Әрлеушілер, шаштараз, стилист, косметолог және дизайнерлерге бір тыным жоқ. Үздіксіз ізденістің нәтижесін көрсететін сәт жақын. Биылғы Қазақстан фешн уэйктің шымылдығы опера әншісі Зарина Алтынбаеваның әнімен түрілді.

Шараның алғашқы күні - 7 дизайнер өз топтамасын таныстырды. Олардың арасында грузиялық Тико Небиеридзе де бар. Спорт пен сән тақырыбын ұштастырудың хас шебері. Көптің назарын өзіне аударған үлгінің бірі мынау. Ер адамдарға арналған. Биыл Динара Сәтжан екеуі коллаборация жасаған. Яғни, сән апталығына көрсететін топтаманы бірлесіп әзірлепті.

Тико Небиеридзе, дизайнер:

- Мына топтама жастардың көңілінен шығады деген сенімдемін. Белбеу мен шолақ шалбар, мақпал жейде көңіл көтеретін орындарға киюге ыңғайлы.

Аруларды таңқалдырудан жалықпайтын Аида Кауменова осы жолы табиғат жанашырына айналған. Топтамасындағы жасыл түстер арқылы әлемдегі экологиялық ахуалға назар аудардым дейді.

Аида Қауменова, дизайнер:

- Соңғы кезде уақыт талабына сай киімді ұсынумен қатар ғаламдық деңгейдегі мәселеге көңіл бөле бастадым. Сән әлемі де оған үлес қоса алады.

Шараға қатысушылардың арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген шеберлер де бар. Сахнаға қаз-қатар шыққан сәнбикелер көптің басты назарында. Күздік және қыстық киімдерде ақ пен қара түске басымдық берілген. Ашық реңк сұранысқа ие. Соңғы кезде отандық дизайнерлердің киімін кию сәнге айналды.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Осы жоба 15 жыл бұрын дүниеге келді. Ол кезде Қазақстанда не дизайнер, не киім өндірісі жоқ еді. Қазір түрлі бренд қалыптасты. Барлығы тынымсыз еңбектің арқасы.

Сән - қатып қалған қағида емес. Дизайнерлердің басты ұстанымы осы. Kazakhstan fashion week-ке қатысушылардың ең кішісі 16 жаста. Барлығы отандық фэшн-индустриясын дамытып, өз есімін қалдыруға мүдделі. Алдағы 2 күнде барлығы 21 топтама сәнқойлар назарына ұсынылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.