{metadescription}
Алматылық ғалым өзінің ұры еместігін дәлелдей алмай жүр
Алматылық ғалым өзінің ұры еместігін дәлелдей алмай жүр

Алматылық ғалым өзінің ұры еместігін дәлелдей алмай жүр

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы қызметкері мемлекеттің 100 миллионнан аса теңгесін жымқырды деп абақтыдан бір-ақ шыққан. Алпауыт компанияда зерттеумен айналысқан профессорды сот 8 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда, уақыт өте келе оған тағылған айыптардың бірсыпырасы негізсіз боп шығып, соттағылар өздері шығарған үкімді сан мәрте өзгертіпті.

Ғалымжан Мамытбек елге белгілі профессорлардың бірі. Ойы ұшқыр ғалымды «Қазатомөнеркәсіптің» өзі қалап, қоярда қоймай жұмысқа алған. Бас көтермей, тек зерттеумен айналысқан ол күтпеген жерден ұры деп танылып, 8 жылға сотталып кеткен. Оған мемлекеттің 100 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылған. Бірақ үкіммен келіспеген профессор араша сұрап, Дариға Назарбаеваға хат жолдады. Іске Сенат төрайымы араласқан соң, атышулы қылмыстық іс қайта тергеуге жіберіліп, ғалымға тағылған 35 айыптың 8-і негізсіз боп шықты. Нәтижесінде, 8 жыл 3 жарым жылға қысқарды. Жазасын түрмеде өтеп шыққан профессор енді атына келтірілген дақты тазартқысы келеді.  

Ғалымжан Мамытбеков:

Үмітім - ақталу. Енді ақ атымды қайтару өзіме. Себебі енді өмір бойы ғылыммен айналысып, ақыр аяғында ұры деген атқа қалғым келмейді.

Осылайша, істің ақ-қарасын ажырата алмайтын судьялардың кесірінен профессор 8 жылға сотталып кетуі мүмкін еді. Дәл осы оқиғадан соң Дариға Назарбаева судьялардың жұмысын сынға алған еді. 

Дариға Назарбаева, Сенат төрайымы:

- Маған келіп түсетін шағымдардың көбі судьяның біржақты үкім шығаратыны жайлы. Яғни, дәлел-дәйектер жеткіліксіз болса да, айыпталушыны түрмеге жабатын көрінеді. Тіпті, судьяның тек прокурордың сөзіне құлақ түріп, адвокатты тыңдағысы келмейтіні жайлы арыз көп.

Назарбаеваның сынынан соң Жақып Асанов сауатсыз судьялардың барын амалсыз мойындаған. Бірақ, Жоғарғы Сот төрағасының өкінішінен ғалымға келіп кетер пайда болмай тұр. Өзінің кінәсіз сотталғанына сенімді ғалым құжатынан «сотталған» деген сөзді алып тастау үшін қайта апелляцияға жүгінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.