Жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне тастап кеткен
Қарағанды полицейлері жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне тастап кеткендерді іздестіріп жатыр. Өлі сәбиді таңертеңгілік қоқыс жинаушылар тапқан.
25.04.2019
Баланың қоқыс жәшігінде қанша жатып қалғаны белгісіз. Оны тек бірнеше күн сайын қоқыс жәшігін тазалап тұратын коммуналдық сала қызметкерлері көрген. Енді полицейлер жақында босанулары тиіс келіншектерді тексеріп жатыр. Шақалақтың денесінде жарақаттар болмаған. Оның өліміне нақты не себеп болғанын сараптама анықтайды.
Иван Осинов, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Мына ауладан шығып келе жатқанмын. Қарасам, полиция мен қоқыс жинайтын көліктер тұр. Бала тауып алдық дейді. Жақындап келіп қарасам, бала өліп қалған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!