Өртелген баланың өлі денесі табылды
Жамбыл облысы Қаратау қаласында жантүршігерлік оқиға. Шаһар іргесінен өртелген баланың өлі денесі табылды. Қазір мәйітті тану мүмкін болмай жатыр. Себебі қатты жанып кеткен. Ал кеше осы қалада 8 жастағы қыз жоғалған еді. Үшінші сынып оқушысы би үйірмесіне кетіп қайта оралмаған. Анықталған дене іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген қорқыныш бар.
25.04.2019
Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:
- Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасы мәйтті киім қалдықтарынан қызыныкі екенін болжады. Сонымен қатар ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!