Сирия келіссөздері басталды
Нұр-Сұлтанда Сирия келіссөздерінің кезекті отырысы басталды. Сирияның қарулы оппозициясының 14 өкілі де осында. Кепіл етуші мемлекеттер Ресей, Түркия, Ираннан бөлек жиынға алғаш рет Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен де қатысуда.
Автор: Әсел Тұмашқызы
25.04.2019
Шам жеріндегі қанды қырғынды тоқтатуға арнғалған кездесудің алғашқы күні жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Екі күнге созылатын 12-ші раундта Конституциялық комитет құру көзделген. Комитет мүшелері араб республикасының жаңа Ата заңын қайта жазып шығуы тиіс. Содан кейін жалпыұлттық сайлау өткізу қарастырылған. Алайда ресми Дамаск мен қарулы оппозиция мүшелері бір тоқтамға келе алар емес. Әр тарап түрлі бастама көтеріп, істі тығырыққа тіреуде. Ал елордадағы жиында Идлиб провинциясы мен Сирияның солтүстік-шығысындағы ушыққан сойқан жайы да сөз болмақшы. Ал жалпы отырыс ертең өтеді. Оның қортындысы бойынша тараптар арнайы құжат қабылдайды деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!