{metadescription}
Дариға Назарбаева кәсіпкерлерге араша түсті
Дариға Назарбаева кәсіпкерлерге араша түсті

Дариға Назарбаева кәсіпкерлерге араша түсті

Экспорттың артуына қағазбастылық кедергі болып тұр. Өнімін шетелге сата алмай жүргендердің мұңы Сенатқа жетті. Сенат төрайымы Дариға Назарбаева тауарды рәсімдеу кезінде құжат жинап есік жағалап кететін кәіпкерлердің мәселесін шешуді тапсырды.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:   

- Тауар өндірушілер шағымданып жатыр. Өйткені тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бір айға дейін рұқсат күтеді. Демек, қиындық бар. Ал біз өз өнімдерімізді шетелге сатуға мүдделіміз. Бұл жайында талай рет айтылды. Сондықтан сіздер жұмысты тездетулеріңіз керек.

Әйтпесе, шетелге жіберілетін тауар шіріп, кәсіпкерлердің еңбегі еш кетуде. Дегенмен, Ұлттық экономика министрі экспорттау кезінде қағазбастылық жоқ деп ақталуға тырысты. Руслан Дәленовтың айтуынша, рұқсат етілмеген тауарға ғана экспорттаушының жеке сәйкестендіру және бизнес сәйкестендіру нөмірі қажет. Десе де, министр тауарды импорттау кезінде бизнесмендердің анықтама жинап әлекке түсіп жатқанын мойындады. 

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Расында импорттау кезінде қағазбастылық бар. Қаржы министрлігі кәсіпкерлерді сабылтпас үшін құжат рәсімдеуді электрондық форматқа ауыстыруды көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде