{metadescription}
Төлеутай Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
Төлеутай Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Төлеутай Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Экономика ғылымдарының докторы, ауыл шаруашылығының білгір бизнесменін «Ауыл» партиясы саяси додаға қосты.

Мұндай шешім партияның бүгін өткен съезінде қабылданды. Төлеутай Рақымбеков он жылдай мемлекеттік қызметте тәжірибе жинаған азамат. Бизнеске араласып, өз ісін жандандыруынан бөлек, Сәтбаев қаласы әкімінің, одан соң Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. Ауыл шаруашылығы министрлігінде департамент басқарып, вице-министр деңгейіне дейін көтерілген. «Ауыл» партиясының бүгінде 300 мыңнан астам мүшесі бар болса, жалпы ауылда тұратын жұрттың саны бүкіл халықтың 43 пайызын құрайды. Сондықтан партия билік қолдарына тисе, ауылда тұратындардың тұрмысын жақсартамыз деп отыр.

Төлеутай Рахымбеков, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы:

- Тағдырға рахмет. Мен біраз салада жұмыс істедім. Он жылдай бизнесте істедім. Мемлекеттік қызмет тағы бар. Жалпы кез келген азамат осындай ұсыныстарға дайын болу керек деп есептеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде