{metadescription}
Балаларға қазақ тілін үйретудің жаңа әдістерімен бөлісті
Балаларға қазақ тілін үйретудің жаңа әдістерімен бөлісті

Балаларға қазақ тілін үйретудің жаңа әдістерімен бөлісті

Елордада Президент іс басқармасы медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасы осындай семинар өткізді. Олар қала балабақшаларынан келген 100 тәлімгерді жаңа әдістеріне үйретіп жатыр.

21-ғасырда балалардың өзіндік бейімділіктері мен қабілеттерін дамытуға күш салу керек болса, мына семинарда тәлімгерлер соны балалардың бойында қалай жетілдіруге болатынын үйреніп алмақ. Мысалы, мына балақайлар өз ойын ана тілінде толық жеткізуге машықтанып жүр. Өйткені, көбінің тілі орысша болғандықтан, мемлекеттік тілде біраз мүдіреді. Сондықтан, қазақ тілін әр түрлі ойындармен санасына сіңдірмек. Соның сан түрлі айласын «Қарлығаш» балабақшасының педагогтары шетелдерге шығып үйреніп келген. Енді сол тәжірибелерін қалалық тәрбиешілермен бірнеше жылдан бері бөлісіп келеді.

Гүлнар Абдуллина, Президент іс басқармасы медициналық орталығы басшысының орынбасары:

- Педагогтардың бәрі басшыларымен бірге шетелдерге шығып озық тәжірибелерді көріп келді. Соны енді іс жүзінде жүзеге асырып жатыр. Былтыр да  бір семинар өткіздік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде