{metadescription}
Теңге латын қарпімен айналымға шықты
Теңге латын қарпімен айналымға шықты

Теңге латын қарпімен айналымға шықты

Бірақ, бұл дизайны өзгерген номиналы 1 теңгеден 100 теңгеге дейінгі темір ақшаға ғана қатысы бар.

Ұлттық банк таныстырған монеталардың бетіндегі «теңге» және «Қазақстан Респбуликасы» сөзі латын қарпімен жазылған. Темір ақшаның екінші бетіндегі елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы да жаңа үлгіге сәйкес бедерленген. Металдың құрамы, салмағы мен көлемінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ал, ескі және жаңа теңгенің бірдей қолданыста болатынын айтқан мамандар, барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті дейді.  

Тоғжан Әбішева, Ұлттық Банктің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы:

- Жаңа монеталар бірте-бірте айналымға енеді. Ескісі де, латын қарпі жазылғаны да заңды төлем құралы саналғандықтан қолдануға шектеу болмайды. Монеталарды төлем терминалдары, монета қабылдағыштар мен паркаматтарға салғанда қиындық тумайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде