{metadescription}
0:000:00
Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс Мәскеу сотына жолданды

Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс Мәскеу сотына жолданды

Бұл туралы Ресейдің Бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Мұхтар Әбіләзов 2006-2009 жылдары БТА банкінің директорлар кеңесін басқарып тұрған шағында 58 миллиард рубль жымқырған. Әрі қыруар қаржыны жалғыз емес, ресейлік сыбайластары: БТА банкінің сол кездегі басқарма төрағасы Роман Солодченкомен және Артур Трофимов, Игорь Кононко секілді топ менеджерлермен бірге ұрлапты. Сыбайластар ресей нарығына шыққан бойда банкке кепілдікке қойылған ірі компаниялардың жер телімдерін заңсыз жолмен банк атына аударыпты. Яғни келісім-шартты орта жолдан бұзып, жылжымайтын мүлікті екі есе жоғары бағамен сатып отырған. Айта кетейік, қашқын олигарх 2017 жылы елімізде де БТА банкінен 7 жарым миллиард долларды жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға сотталған еді. Ал былтыр тағы бір былығы әшкере болып, банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қазір ол Францияда бой тасалап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде