{metadescription}

Оқушылардың астан улануына аспаз кінәлі болып шықты

Ақтөбеде оқушылардың жаппай астан улануына қатысты мектеп директоры мен асхананы жалға алған кәсіпкер жазаға тартылды. Білім ошағының басшысы, балалар тамақтанатын орынды бизнесменге беретін кезде оның санитарлық құжатының бар-жоғын тексермеген.

Саян Сүлейменов, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы:

- 9 мектеп-гимназияның директоры Салиха Сәрсенбайқызы Қазыбаеваға менің бұйрығыммен қатаң түрдегі сөгіс тәртіптік жаза қолданды. Ал кәсіпкерге байланысты өздеріңіз білесіздер, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау депратаменті өз тарапынан үлкен мөлшерде айыппұлдар салуда.

Осыдан бір апта бұрын гимназиялардың бірінің асханасынан тамақтанған 25 оқушы мен бір мұғалім астан уланып қалған еді. Олардың ұшынуына аспаз бен асхананы жалға алушы себеп болған. Зертханалық тексеру кезінде олардан стафилококк таяқшасы табылыпты. Қазір балалар уланған гимназиядан бөлек, тағы төрт мектептің асханасы қызметін тоқтатқан. Оларда да санитарлық рұқсат қағаз болмай шықты. Ал жұқпалы ауру табылған бизнесменге, 5 млн теңге айыппұл мен мектеп асханасына жолауға тыйым салынды. Ол биыл бірнеше мектептің асханасын жалға алуға тендер ұтып алған. Енді дертінен айыққанға дейін кәсібін алыстан бақылап қана отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде