{metadescription}

Соғыс ардагерлеріне берілетін жәрдемақының көлемі қандай?

Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында ең көп бір реттік жәрдемақыны шығысқазақстандық ардагерлер алады. Онда майдангерлердің әрбіріне 542 мың теңгеден төленеді. Астаналық ардагерлердің алатыны да аз емес, оларға 519 мың теңгеден берілмек. 

Ләззат Қалымова, Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы:

- Бүгінгі күні елордада ҰОС-ның 71 ардагері тұрады. Осы ҰОС ардагерлеріне 67 АЕК көлемінде, яғни 169 175 теңгені құрайды. Сондай-ақ, қосымша 350 мың теңге  көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктері 300 мыңнан төлесе, Шымкент пен Түркістан облысы 250 мыңнан асады. Алматы облысы әкімдігі 93 ардагеріне өз бюджетінен 200 мың теңгеден бөліпті. Ең аз алатындар Павлодар облысында. Бар-жоғы 52 майдангерге 150 мың теңгеден келеді. Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне осындай бір реттік жәрдемақы төлеу заңмен қарастырылса да оның көлемін жергілікті әкімдік шешеді. Бұдан бөлек, әр өңірде демалыс орындарына тегін жолдама, емханаларда тегін қызмет сынды түрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Сондай-ақ, олар жыл аяғына дейін ардагерлер пойыздарда тегін қатынай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде