Жұматай Әлиев сайлауға қатыспайтын болды
«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған ол қазақ тілінен емтихан тапсыра алмады.
Автор: Әсел Тұмашқызы
02.05.2019
Әділ Ахметов, ОСК лингвистикалық комиссиясының мүшесі:
- Тақырыптарды аша алмады. Тапсырмаларды толық орындай алмады. Сондықтан мемлекеттік тілді еркін меңгерді деп айтуға келмейді.
Алдымен «Мемлекет және дін» тақырыбында бір жарым сағат шығарма жазған Жұматай Әлиев 13 сөйлем жазып 19 қате жіберген. Екінші кезеңде «Абай жолы» романынан үзіндіні мәнерлеп оқып бермек түгілі өз ойын да еркін жеткізе алмаған. Енді 66 жастағы экс-депутаттың алғашқы жарна ретінде төлеген 2 миллионы кейін қайтарылмайды. Осылайша, Жұматай Әлиев саяси науқаннан шығып қалғандықтан, тізімде кандидаттыққа үміткер 7 адам қалды. Олар – Дания Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Қасым-Жомарт Тоқаев, Әміржан Қосанов, Сәдібек Түгел және Амангелді Таспихов. Аталған үміткерлер қазір қол жинап жатыр. Олар 6 мамырға дейін 118 мың жақтаушысын жинап, орталық сайлау комиссиясына мәліметті өткізуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!