{metadescription}

Тоқаев ауыз суға бөлінген 500 миллиардтың қайда жұмсалғанын тексеруді талап етті

Жер еңбек ететін азаматтардың иелігінде болсын! Алматы облысына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді. Президент аймақ басшысына ауыз су, тозығы жеткен жолдар, апатты және үшауысымды мектептерді жоюға сондай-ақ еңбек етпей мемлекеттен жәрдемақы дәмететіндердің ара-жігін ажыратуды тапсырды.

Соңғы күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күнтәртібі тығыз. Кеше БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесіне бас сұқты. Кезінде ұйымда тер төккен Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы әріптестерімен тілдесті. Артынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні арналған салтанатты шараға қатысып, көпшілікті құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Егемендік алған жылдары, көп этносты, көп конфессиялы еліміздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылды. Алайда, Елбасымыздың арқасында Қазақстан бүгінде түрлі этнос өкілдерінің киелі шаңырағына айналды, абыройлы, беделді мемлекет болды.

Республика сарайының алдына киіз үйден бастап немісі, түрік пен украины бар жалпы саны 30-ға жуық этномәдени орталықтың шатыры тігілген. Бірі өнерімен тәнті етсе, екіншісі дәм таттырып әлек. Ән салып, бірге би билеу достық күніндегі қалыптасқан дәстүр. Ал, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Алматы облысында жалғасты. Салтанат сарайында жетісулық кәсіпкерлер, еңбек озаттары мен жас мамандар Президентпен еркін тілдесіп, өзара пікір алмасты. Аймақта қыруар ақша бөлінсе де шешілмеген түйткілді мәселе бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Алматы облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешімін таппаған. 20 жылда 500 млрд теңге бөлінген. Мұнымен есеп комитеті түбегейлі айналысу керек. Облыста апатты әрі үшауысымдық мектептер әлі бар. Бұл мақсатқа 2018 - 15,5 млрд теңге бөлінген. Облыс әлі 20 мектепке мұқтаж. Ол үшін 2020-2021 жылдарға қосымша 29 млрд теңге бөлуді тапсырамын.

Сондай-ақ Президент жетісу жұртшылығымен кездесуде көпбалалы аналар, баспана кезегінде тұрған 41 мың адам мен жәрдемақы берудің тағайындау тәртібіне тоқталды. Әсіресе, көмекке шын мұқтаж бен мемлекетке иек артатындардың ара-жігін ажырату қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлеуметтік көмекке аса зәру жандар мен мемлекеттің бергенін місе тұтып, еңбектенгісі келмейтіндерді анықтауымыз керек. Кейбірі жұмыс істемей жәрдемақыға күн көргісі келеді.

Қасым Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен жылына 3 млн дана аккумулятор шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Облыста 115 мың кәсіпкер бар. Аграрлы аймақта дихандардың еңбегі зор. Президент жер телімін бөлуде ашық жүйе орнатуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Облыстағы жер телімдерінің бөліну процедурасын заңға қамтамасыз ету керек. Табиғи ресурсты тиімді пайдаланып жатқанын қатаң бақылауда ұстауымыз қажет.

Президент үшін Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласы ыстық мекен. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі жазушы Кемел Тоқаев осы ауданның тумасы. Оның есімі қаладағы орта мектепке берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.