{metadescription}
Оқушылар еден жуушыдан оңбай таяқ жедік деп шағымданды
Оқушылар еден жуушыдан оңбай таяқ жедік деп шағымданды

Оқушылар еден жуушыдан оңбай таяқ жедік деп шағымданды

Ақмола облысының Тоқтамыс ауылында мектеп оқушылары оңбай таяқ жегенін айтып шағымданды. Олардың айтуынша, 9 жастағы екі баланы еден жуушы құлақтан ұстап тұрып, күйеуіне ұрғызған көрінеді. Миы шайқалып, кеңсірігі сынған бір оқушы ауруханадан кеше ғана шықты. Мұндайды бұрын-соңды естімеген ата-аналар, еден жуушы мектептен қуылсын деген талап қойып отыр. Ал еден жуушы балаларды ұрған жоқпын деп отыр.

Оқиға мектеп аумағында мына жерде болған. 5 бала ойнап жүріп өзара келіспей қалса керек. Осы жағдайды байқап қалған еден жуушы өз баласына араша түсу үшін күйеуін шақырған. Жуан жұдырықты жігіт ағасы 9 жастағы екі балақайды аямапты.

Үйіне бет аузы қан жоса болып, жылап келген Радиславқа медициналық көмек қажет болған. Дардай еркектің соққысынан миы шайқалып, кеңсірігі сынып кетіпті. Ауруханада 10 күн жатып, мектепке келгенімен әлі мұрнын қарату керек, - дейді анасы. Оның айтуынша, еден жуушы әйел, баланы құлақтан тартып, ұстап тұрып, от жағушы болып жұмыс істеген күйеуі Сергей Перевертун балаға жұдырық жұмсаған.

Анастасия Сыворотко, Тоқтамыс ауылының тұрғыны:

Мынандай түрін көргенде есімнен танып қала жаздадым. Екі күн әрең аяғымды басып жүрдім. Ерні күп болып ісіп кеткен. Артемның папасы ұрды деп қана айта алды. Жылап, құлады сосын. Ауруханаға жеткіздік.

Ал, оқушыны ұстап тұрды деген еден жуушы, жұрт таққан айыпты қып-қызыл жала деп отыр.

Александра Ковтун, еден жуушы:

- Келдім де құлағынан ұстап тарттым, ол сытылып, қашып кетті. Оны ұрған ешкім жоқ. Маған жала жауып тұр бәрі. Күйеуім де ұрған жоқ оны.

Бұрын соңды мұндай жағдайды көрмеген ата-аналар шошып қалған. Олар бірігіп құзырлы органдардың барлығына хат жолдапты. Олардың сөзінше, балаларды ұрып-соқты деген отбасы, Тоқтамыс ауылын қорқытып-үркітіп ұстайды екен. Ата-аналар осындай оқиғадан кейін еден жуушы әйелдің әлі жұмысында жүргеніне наразы.

Елена Повстенко, Бұланды аудандық білім бөлімінің өкілі:

- Заң бәрімізге ортақ. Құзырлы органдар қазір істі қарап жатыр. Олардың кінәсі дәлелденбейінше, жұмыстан шығара алмаймыз. Балалар ауруханада жатты. Медициналық сараптамаға уақыт керек. Сәл шыдаңыздар.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалған. Ал еден жуушы мен күйеуінің балаларды соққыға жыққаны дәлелденсе, жұмыстан қуылғанымен қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде