«Қаламқас» кен орнында болған алапат өрттің себебі анықталды
Оны тексерген арнайы комиссия мұнай ұңғымасының түбі дұрыс бекітілмеген деген қорытындыға келді. Ал мұнай көзін қазған Қытай компаниясы екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.05.2019
Нығметжан Мақажанов, Индустриалды даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары:
- «Си Бу» бұрғылау компаниясы қызметкерлері мен ұңғыма үстіндегі атқыламаға қарсы жабдықты цементтің қатаю уақытын күту кезінде герметизациялау болып табылған деп комиссия шешімге келді.
Яғни, № 82-37 мұнай ұңғымасының түбін цементпен бекіткен кезде оны 24 сағат күтудің орнына 1 сағат қана құрғатқан. Соның кесірінен цементтің жігі ажырап, содан газ кеткен деген байлам жасалып отыр. Жұмысын осынша сапасыз атқарған «Си Бу» дейтін қытайлық бұрғылау компаниясы қызметкерлерінің өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша білімі де таяз болып шықты. Жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамағаны үшін компанияға 252 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. «Қаламқас» мұнай ұңғымасындағы өрт 25-наурызда басталған болатын. Өрт сөндірушілер 4 күн бойы арпалысқанымен, жалын өздігінен сөнді. Апат салдарынан келген 98 миллион теңге шығынды кім өтейтіні әзір белгісіз. Іс материалдары түгел құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!