Шымкентте екі адам газдан тұншығып көз жұмды
Тағы біреуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Қайғылы жағдай жалдамалы пәтерде болған. Ал, бұл жайтті тексеріп жатқан мамандар, адамдардың ажалына пәтерде рұқсатсыз қойылған су жылытқыш себеп деп, пәтер қожайынын жауапқа тарпақшы.
Автор: Бек Әбиев
02.05.2019
Қайғылы жағдай Шымкенттегі «Теріскей» шағын ауданында болды. Жезқазғаннан көшіп келіп, соңғы үш жылда Шымкентте пәтер жалдап жүрген анасы, ұлы мен қызы 30 сәуір күні мына пәтерде тұрақтапты. Арада тәулік өтпей үйден 47 жастағы әйел мен 19 жасар қызының өлігі шықса, 19 жастағы жігіт қатты уланып, ауруханаға түсті.
Роза Жаманбаева, көршісі:
- Баласы мен шешесі көрпе жамылған күйі залда жатқан. Ал, қызы ас үйде сұлап жатыпты. Газ құрылғысын рұқсат етілмеген жерге орнатқан. Содан иіс кеткен.
Көршілердің айтуынша көпқабатты бұл үйде газ иісі үнемі шығады екен. Мұржасы жоқ үйде көпшілік қолдан су мен баспана жылытатын құрылғыларды да өздігінше орнатып алған. Қайғылы жағдай болған пәтерде де мұржа жөнсіз қойылған болып шықты. Пәтер иесіне хабарласқанымызда, өзін Роман деп таныстырған азамат үйді бір жыл бұрын алғанын және газ құрылғысы алдыңғы қожайыннан қалғанын айтады.
- Өзім жатқанмын ол жерде.
- Қанша уақыт тұрдыңыз?
- 2 айдай тұрдым.
- Өзім тексергем шомылғам талай. Менің алдымдағы адамдар да қолданған.
- 1 айға қанша төлеу керек?
- Шаруаң қанша.
Қазір, бұл жайтті төтенше жағдайлар мамандары мен полицейлер тексеріп жатыр. Марқұм әйел қаладағы дәмханалардың бірінде бас аспаз болған. Ал, көз жұмған қызы студент екен. Ал, 21 жастағы Бағнұр Елібаев, аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен қарындасынан айрылғанын оған артынан келген достары мен туыстары айтыпты.
Мәдина Ермаханбетова, Т. Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері;
- Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық ем шаралар жүргізілді. Балаға әлі де ем жүргізіліп, емі жалғасады.
Көз жұмған әйел мен қыздың денесін туыстары бүгін туған жері Қызылорда облысына жерлеуге әкетті. Анасы мен қарындасынан айрылған Бағнұр Елібаевтың әкесі мен бауыры қалды. Қазір, бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеріліп жатыр. Тексеріс қортындысы бойынша пәтер қожайыны жауапқа тартылуы да мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!