Нұр-Сұлтан әкімдігі жүзге жуық жер телімін мемлекет меншігіне алғалы жатыр
Енді саяжай мен жеке үйлер орналасқан аумаққа мектеп, театр мен жолайырықтар салынбақ.
Автор: Досжан Маратұлы
03.05.2019
Дарын Мұқыжанов, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы:
- 94 обектінің ішінде 57-сі саяжай учаскелері, 4-еуі гараж, 34-і тұрғын үйлер. Меншік иелері мен келісім-шартқа қол қойылып, 10 күн мерзімде ақшасын төлейміз. Үй босатылған соң, сүру тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Дегенмен, шенеуніктер тұрғындардың келісімін аламыз деп отыр. Олардың айтуынша, нысандарды тәуелсіз сарапшылар нарыққа сай бағалаған соң, өтемақысы төленеді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиардқа жуық қаржы қарастырылған. Ал қара тізімге іліккен жер үйлердің басым бөлігі Есілдің оң жағалауында. Олар алдағы бір айдың ішінде бұзылуы тиіс. Сөйтіп, Нұр-Сұлтан қаласының көркін кетірген ескі үйлердің орнына әкімдік, мектеп, театр, жолайырықтар және көп қабатты тұрғын үйлер салынбақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!