Оразаның алғашқы күнімен бірге елімізде күн де жылынады
Ауа-райын болжаушылар 6-мамырдан бастап, күн 32 градусқа дейін ысиды деп отыр.
Автор: Аруна Ортай
03.05.2019
Солтүстіктен ығыстан антициклон салқын ауа мен ылғалдылық әкелген болатын. Соның салдарынан, кей жерлерде тоқтаусыз жауын жауған. Синоптиктер енді мамыр айы мамыражай болады деп отыр. Атап айтқанда батыстан басқа өңірлерде жауын-шашын азайып, күн көзі ашылады. Солтүстікте ауа температурасы 23-28 градусқа дейін ысыса, оңтүстікте 32 градусқа дейін көтеріледі. Салқын ауа-райы батыста сақтала бермек. Қазгидромет мамырдың соңына дейін мұнда жел тұрып, найзағай ойнап, жауын-шашынды болады деп болжап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!