{metadescription}
Мектеп шатыры қатты желге шыдас бермеді
Мектеп шатыры қатты желге шыдас бермеді

Мектеп шатыры қатты желге шыдас бермеді

Атырау облысында күні бойы соққан шаңды дауыл көз аштырмай, жұртшылықты әбігерге салды. Жойқын желден қаладағы тұрғын үйлер мен аудандардағы білім орындары зардап шеккен.

Дауыл қаладағы Абай Құнанбаев көшесі бойындағы мына үйдің шатырын осымен екінші рет жұлып кетті. Осыдан бес жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен баспананың шатыры 3 апта бұрын да ұшып, сол маңдағы көліктерді басып қалған еді. Ал мынау – Құрманғазы ауданында болған жағдай. Орлы ауылындағы жуырда жөндеуден өткен орта мектептің шатыры да қатты желге шыдас бермепті. Құтқарушылардың айтуынша, 700 шаршы метр жабынды жерге түскен. Абырой болғанда, екі жағдайда да ешкім зардап шекпеді. Мектепте оқу процесі тоқтаған. Оның шатыры алдағы мереке күндері қайта жөнделмекші. Ал, балалар сабаққа енді 11-ші мамыр күні қайта оралмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде