{metadescription}

Таразда шағын автобус пен жедел жәрдем көлігі соқтығысты

Қатты соққыдан жедел жәрдем аударылып, қақ бөліне жаздады. Апаттан жалпы саны төрт адам зардап шеккен.

Оқыс жағдай күндізгі 11-лер шамасында Крылов пен Лермонтов көшесі қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі басына ағаш құлаған бір жастағы баланы шұғыл ауруханаға жеткізуге асыққан. Бірақ діттеген жеріне жете алмай, жарым жолда аударылып қалды. Төңкерілген техника ішінде бүлдіршін мен әжесі, дәрігер мен фельдшер және жүргізуші болған. Үш ересек зардап шегіп отыр. Бірақ жарақаттары жеңіл. Қоғамдық көліктегі санаулы жолаушының біреуі ғана жараланған. Ол дәрігерлерге қаралған соң, үйіне жіберілді. Апатқа нақты кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз. Оны қазір полицейлер анықтап жатыр. Ал куәгерлердің сөзінше, қиылыстан шыққан 32-ші бағыттағы автобус басты жолдағы жедел жәрдем машинасына соғылған.

Гүлзахира Қызғараева, Жамбыл облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ескерту дауысын қосып келе жатқан. Бәрі жол беріп келе жатқан, мына бусиктің қайдан шыққанын білмей қалдық қой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде