{metadescription}
Қарағанды тұрғыны баласының балабақшада аяғын сындырып алғанын айтып шағымданды 
Қарағанды тұрғыны баласының балабақшада аяғын сындырып алғанын айтып шағымданды 

Қарағанды тұрғыны баласының балабақшада аяғын сындырып алғанын айтып шағымданды 

Қарағандыда балабақшада ойнап жүріп құлаған бүлдіршіннің ортан жілігі сынып кеткен. Балаға күрделі ота жасалып, ұзақ уақыт төсек тартып жатуға тура келеді. Бүлдіршіннің ата-анасы балаға бас көз бола алмады деп, тәрбиешілерді кінәлап отыр. Қазір осы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр.  Алайда, балабақша басшылығы бала аяғын үйден сындырып келгенін айтып айда аспаннан бір-ақ шығарды.

Тіпті қос-қостан адвокаттар жалдап, мекеме атына кір келтірген ата-ананың өзін жауапқа тартамыз деп отыр.

Қолды аяққа тұрмайтын 2 жарым жастағы Әмірхан артық қимыл жасаса құлын дауысы шығады. Отыра алмайтын ойын баласы үшін бұл ауыр сынақ болып тұр. Анасы Екатерина оны бір апта бұрын балабақшадан жедел жәрдеммен алып кеткенін күрсіне еске алады. Баланың жайы өз алдына, балабақша басшылығының айтқаны төбеден жай түсірген. 

Екатерина Сатова, Әмірханның анасы:

- Айтуларынша мен баланы үйден аяғын сындырып әкеліппін. Мүлдем миға қонбайтын әңгіме. Бала титтей де жарақат алған болса, жүре алмай ауырсынбай ма? Мен анасымын, баланың жағдайын бірден сеземін. Қандай да бір өзгеріс болса, байқамаймын ба? Таңертеңгілік ойнап, өз аяғымен кірген. Жарты сағаттан кейін телефон шалып, балаңыз жүре алмай отыр дейді.

Алғашқыда аяғын ауырсынып, көзі жастан босамаған бала бүгіндері тілге келе бастаған. Тәптіштеп сұрағанда балабақшаның екінші қабатына көтерілетін баспалдақтан құлағанын айтқан.

Наталья Борисова, Әмірханның әжесі:

- Қасында Сартай деген бала болған. Екеуі баспалдаққа көтерілген екен. Содан құладым деді. Оксана деген тәрбиеші жерден көтеріп төсекке жатқызды дейді. Бала үйден жарақат алып келді дегендері тіпті мазақ. 

«Познайка» деп аталатын жеке балабақша басшылығы өздеріне шаң жуытар емес. Олардың айтуынша, таңертеңгілік бала топқа келісімен ақ өзін жайсыз сезінген. Өз-өзінен аяғы ісіп, отырған жерінен қозғала алмай қалғасын анасын шақырттық дейді. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша полицейлерге де солай жауап беріп жатыр екен.

Юрий Плясовских, «Познайка» балабақшасы басшылығының адвокаты:

- Балабақша басшылығы және тәрбиешілері іс әрекетінен біз ешқандай қылмыстық құрам көріп тұрған жоқпыз. Біздің ұстанымымыз осы. Басқа мәліметтерді әзірге ашып айта алмаймыз. Тергеу аяқталсын.

Ал кішкентай Әмірханды алда талай ем-дом мен оңалдыру шаралары күтіп тұр. Өсіп келе жатқандықтан сан сүйегіне салынған екі темірді жыл сайын ауыстыру қажет. Баланың анасы, өздерін кінәлағаны жандарына батқанын айтады. Сондықтан бала тәрбиесіне немқұрайды қарағандар тиісті жазасын алса дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде