Нұр-Сұлтанда өрт шыққан жатақхана жарық пен ауыз сусыз қалды
Оның қашан берілетіні де белгісіз. Ал бөлмесінен от тұтанған тұрғын қызыл жалын электр пешінен шығуы мүмкін деген ресми болжамға сенбей отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
03.05.2019
Гүлнәзия Беспаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Электр жылытқышынан өрт шыққан дейді. Мен тоқ пеш қосқан жоқпын. Жалғыз тұрамын.
Ал, тұрғындар болса, кешегі өрттен соң ешқандай көмек көрсетілмегенін айтып отыр. Басқа барар жері болмағандықтан жұрт күйік басқан бөлмелерінде тұруға мәжбүр. Оның үстіне жатақханада жарық пен ауыз су жоқ. Өйткені, құбырлар мен электр сымдары өртеніп кеткендіктен пайдалануға жарамсыз. Дәрет сындыратын жеріміз де жоқ деп шағымданған халық әкімдіктен көмек сұрап отыр. Атқамінерлер болса, тұрғындардың көмексіз қалмайды дейді. Қазір арнайы құрылған комиссия жатақхана апатты жағдайда ма жоқ па соны тексеріп жатыр. Егер тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылса, жұртқа жаңа пәтерлер берілмек. Ал, оған дейін барлық үміт демеушілерде.
Рүстем Әбдірәшев, Нұр-Сұлтан қалалық Байқоңыр ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:
- Қазір тұрғындарға көмек көрсететін демеушілерді іздеп жатырмыз. Олардың қаржысына өрттің салдарын жоямыз. Пәтер иелері кооперативіне де тиісті тапсырмаларды бердік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!