{metadescription}

Еркеш Шәкеевтің авторлық кеші өтеді

Кәсіби шығармашылықтағы 30 жыл! Ертең Алматыда белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің авторлық кеші өтеді. Мерейтойлық концертке еліміздің маңдайалды өнер иелерімен қатар шетелден келген айтулы қонақтар қатысады. Ал қайырымдылық мақсаттағы шығармашылық кеш көпбалалы аналарды қолдауға арналған.

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Танымал композитор Еркеш Шәкеевтің Алматыда өтетін авторлық кешін осылай айтуға негіз бар. Кәсіби шығармашылықтағы 30 жылында талай әні хитқа айналған композитор, бұл жолы эстрадамен қатар классикалық жанрда тыңдармандарын тәнті етпек.

Еркеш Шәкеев, композитор:

- 2014 жылдан бері эстрадаға ән жазған жоқпын. Осы уақыттан бері жаңа классикалық бағытта еңбектеніп жүрмін. Сондықтан барлығын біріктіріп, өзімнің шамамды тексергім келеді.   

Мерейтойлық кеште Еркеш Шәкеевтің туындысын орындайтын өнер иелерінің қатарында Марат Бисенғалиев, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, «А-Студио» тобы мен өзге де жарық жұлдыздар бар. Сондай-ақ, кешке Алматы симфониялық оркестрі мен Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі қатысады. Тіпті Ұлыбританиядан келген қонақтар - әнші Бьянка Николас пен пианиношы Оливер Пул Еркештің шығармашылық әлемінен шашу шашады.

Оливер Пул, пианиношы:

- Қазақстанға келгеніме толқып тұрғаным рас. Осыған дейін Шәкеевтің 4 шығармасын орындадым. Алматы адамға күшті қуат береді екен. Өте қуаныштымын.

Қайырымдылық мақсаттағы авторлық кеш әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған. Осылайша шығармашылық пен азаматтық ұстанымды қатар қойған композитордың туындыларын ертең кешкі сағат 5-те Республика сарайында тыңдай аласыздар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.