Дариға Назарбаева театрға ерекше рояль сыйлады
Театр жаңа аспаппен толықты. Алматыдағы Наталия Сац атындағы орыс балалар мен жасөспірімдер театрына Сенат төрайымы Дариға Назарбаева сыйлық тарту етті. Қолдан жасалған рояль ардагерлерге арналған қайырымдылық концертінің ашылуы кезінде табысталды. Бұл театрымызда 75 жылда алғаш рет болып отырған ең елеулі оқиға дейді өнер иелері.
Автор: Салтанат Шырынхан
06.05.2019
Мақсат Сахиұлы, театр әртісі:
- Дариға Нұрсұлтанқызы театрымызды аралап қара шаңырағымыздың жағдайын көрді. Сөйтіп керемет ақ тұлпардай ақ рояль сыйлады. Бұл рояль біздің болашағымызға, театрдың болашағына маңызы, көмегі зор.
Ал бұл аспапқа алғаш болып жан бітіру белгілі пианиношы Тимур Орманшиевке бұйырды. Сыйлық алып, құрметке бөленген өнер иелері өздеріне осындай қолдаудың ауадай қажет екенін айтуда. Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Дариға Назарбаева Наталия Сац театрына келіп, оның тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Сондай-ақ, тозығы жеткен өнер ордасына жөндеу жүргізуге қолдау көрсетілетінін де айтқан еді. Бүгін сыйлықты тапсырған «Дегдар» гуманитарлық қорының басшысы Дариға Нұрсұлтанқызының арнайы хатын оқып берді.
Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қоры» корпоративтік қорының директоры:
- Театр - көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, тәрбие беретін де орын. Бұл нағыз өнердің миссиясы. Бүгінгі театрға тарту етіп отырған сыйлығымды қабыл алыңыздар. Бұл менің қойылымдарыңызды әуезді әрі әсерлі етсін деген ниетпен берген сыйым болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!