Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады
Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды! Исламдағы ұлық мерекемен жұртты президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Автор: Досжан Маратұлы
06.05.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл - шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!
Ораза ұстау – Алла бұйырған бес парыздың үшіншісі. Оны пайғамбар өсиетіне сай орындап, таң сәресін ішкен мұсылман күн батқанша ауыз бекітеді. Көзін, тілін, қолын тыйып, санасын да арам ойдан ада қылуы шарт. Ал созылмалы сырқаты барлар мен бала емізетін аналарға ауыз бекітпеуге рұқсат етілген. Бүгін кірген қасиетті ай маусымның 4-не аяқталып, 5-не Ораза айт басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!