{metadescription}

Әміржан Қосанов өлеңдетіп жіберді

Жетеуі де саяси додаға түседі! Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінбей өтіп қол жинап үлгерген 7 үміткердің соңғы үшеуі бүгін президенттікке кандидат атанды. Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбековтермен бірге кандидаттық куәлігін алған Әміржан Қосанов өзінің ақын екенін айтып, сәл өлеңдетіп те жіберді.

Әміржан Қосанов, Президенттікке кандидат:

- Жараспайды күресте сөзбұйдалық, бір аптада соншама қол жинадық. Мен өлеңді жөкпелдемеде жазатын айтысқа қатысқан қазақпын. Сондықтан сіз туралы да қазір мен бес минут ішінде өлең шығарып беруіме болады.

«Ұлт тағдыры» ұйымы атынан ұсынылған Қосанов осылайша алдағы президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясының өкілі Төлеутай Рақымбеков Орталық сайлау комиссиясына бүгін біраз қобалжып келіпті. Бүкіл сынақтан өтіп, куәлігі қолына тисе де толқып тұрғанын тілшілер алдында жасыра алмады. Ал Жамбыл Ахметбеков Тоқаевтан кейін ең көп қол жинап келіпті. Коммунистік партия өкіліне сенім артып, қолын қойғандар саны 138 мыңнан асады. Орталық сайлау коммиссиясы соның 3 мыңға жуығы расталмағанын хабарлады. Бұған дейін Nur Otan партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлы дала қырандары» қозғалысынан Сәдібек Түгел, Aq jol партиясынан Дания Еспаева мен Қазақстан кәсіподақтары федерациясынан Амангелді Таспихов президенттікке кандидат атанып қойған еді. Бір қызығы, стратегиялық маңызы бар ғимараттың күзетшілері сырттан кіргеннің бәрін түгел тексеретін. Ахметбеков кедергісіз кірді. Мұның себебін елге танымал болуымнан дейді.

Жамбыл Ахметбеков, Президенттікке кандидат:

- Елге танымал болсам мені неге өткізбеске?! Қазір үйіңе қонаққа барсам есіктен кіргізбейсің, атың кім деп сұрайсың ғой. Бірақ бұл жерде мені таниды. Яғни танымалдығым бар ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде