{metadescription}

Бейбіт күннің батырлары 

Ерлік еленген күн! Президент үздік әскери қызметкерлерге мемлекеттік награда табыстады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ерліктері еленген ұшқыш, полицей, өрт сөндіруші мен прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. Мемлекет басшысы адам өмірін апаттан арашалап, ел тыныштығын күзетіп жүргендерді төл мерекесімен құттықтап, жоғары әскери атақтар мен шен берді.

Ақорда да таңсәріден қарбалас. Дайындық қызу. Әдетте айтулы күні сарайдың іші-сыртын осылай тазалап жүрген жұмысшыларды көруге болады. Ал...

Ақордаға кірген бетте мына ескерткішке еріксіз көзің түседі. Бұл-садақ ұстаған сарбаздың бейнесі. Демек, ерлер қай заманда да елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ал, бүгін Отан үшін от кешуге дайын жауынгерлер қолына қару алмай – ақ, қантөгіссіз бейбіт күнді сыйлап жүр.

Мыңның ішінен іріктеліп, сүзгіден өткендер ғана Ақордаға арнайы шақырылды. Өйткені жылда осы уақытта ерен еңбегімен көзге түскендерге «Даңқ», «Айбын», «Құрмет» және «Ерлігі» мен «Жауынгерлігі үшін» медалі табысталады. Әдетте, мемлекет басшысы Ақорданың 3-ші қабатындағы мәрмәр залда шетел елшілерін қабылдайтын. Дәл осы залда халықаралық дәрежедегі маңызды құжаттарға қол қойылады. Ал бүгін сол құрметтің бәрі мына сап түзеген әскерилерге бұйырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ер жігіт жүрегін елге береді. Намысын ешкімге бермейді. Бүгін міне ортамызда еліміз бен жерімізді адалдықпен қорғаған қаһармандар тұр. Олардың арасында адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырлары бар. 

Азаматтармен иық тіресіп ауыр міндетті абыроймен алып жүрген әйелдердің атынан прокурор Радимхан Дубаеваның жалғыз өзі «Құрмет» орденін тағынды. Ал, көзсіз батырлығымен көзге түскен 25 жасар Аянбек Кенжешов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Астаналық өрт сөндіруші бір апта бұрын отқа оранған жатақханадан 5 адамды аман алып шықты.

Аянбек Кенжешов, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

- Адамдар бөлмеден шыға алмай жатқан кезде құтқару керек болды. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Ондай кезде қорқыныштың бәрі жоғала ма, сондай бір сезім болады өзі.

Сондай-ақ, билік басында жүргендер де атақсыз қалмады. Үш ай бұрын Ішкі істер министрі болып тағайындалған Ерлан Тұрғымбаев пен парақорлардың шаңын қағып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ең жоғары генерал-лейтенат шенін алды. Олармен бірге ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік комитеті, бас прокуратура, төтенше жағдай мен ұлттық ұланның 25 қызметкеріне әскери атақ берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.