Мемлекеттік колледждер жаппай жекеге берілуі мүмкін
Білім министрлігі 200-ге жуық оқу орнын ірі компаниялардың басқаруына өткізуді жоспарлап отыр. Білім деңгейін осылайша арттырмақ ойда.
Автор: Досжан Маратұлы
06.05.2019
Министрліктегілердің айтуынша, қазір елімізде 821 колледж бар. Оның 342-сі жеке, қалған 479-ы мемлекеттік. Басым бөлігінде білім сапасы өте төмен. Оқу орындарында қарапайым материалдық база жоқ дейді министр. Сондықтан техникалық-кәсіптік білім беретен 200-ге жуық колледжді ірі компаниялардың басқаруына беру бастамасын көтеріп отыр. Сонда студенттер таңдаған мамандығына сай зауыт пен фирмаларда білім алып, тәжірибеге көбірек көңіл бөледі. Бұл жастардың жұмысқа орналасу көрсеткішін де арттырады дейді министр.
Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі:
- Бизнес тарапынан кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін оқу процесіне араласуға құлшыныс бар. Сондықтан осындай кәсіпорынның шығысын өтеу арқылы, олардың әріптес болуға ынтасын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды бастаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!