{metadescription}
Көпбалалы аналардың мәртебесін растайтын куәлік қайтадан беріле бастады
Көпбалалы аналардың мәртебесін растайтын куәлік қайтадан беріле бастады

Көпбалалы аналардың мәртебесін растайтын куәлік қайтадан беріле бастады

Оны 4 немесе одан да көп ұл-қыз асырап отырған әйелдер халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. Ал бұл куәліктің берілуі он жыл бұрын тоқтап қалған болатын.

Енді көпбалалы ана сол құжатты көрсету арқылы мектепте, қоғамдық көлік пен өзге де орындарда өзіне көрсетілуі тиіс көмекке қол жеткізе алады. Әрі көпбалалы жанұядағы әр перзент үшін төленетін 21 мың теңгелік жәрдемақының да осы айдан беріле бастағаны белгілі. Әзірге оны 160 мың отбасы алып үлгерген. Алдағы айларда мұндай жанұялардың саны артады дейді шенеуніктер. Өйткені құжат тапсырып үлгермегендер көп. Жалпы, елімізде 340 мың көп балалы отбасы бар. Олар пәтермен де қамтылып жатыр.

Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары:

- Әзірге 250-ге жуық көп балалы отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Мамырдың соңына дейін тағы 1316 баспананы үлестіру жоспарланған. Ал, жыл соңына дейін 7 мың пәтер пайдалануға беріледі. Олар көп балалы отбасыларға арзан бағамен жалға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде