Елімізде Superjet ұшағы жолаушылар тасымалына қолданылмайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы қайғылы оқиғаға байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Сөйтіп, олар көрші елдің қайғысына орта екенін жеткізген. Ал өртенген «Сухой Супержет 100» типтес ұшақтың Қазақстанда 1 ғана данасы бар екен. Алайда азаматтық авиация комитетіндегілер оның жолушылардың тұрақты тасымалына қолданылмайтынын айтты....
Автор: Бауыржан Жақсымбет
06.05.2019
b>
Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Кешегі естіген қайғылы жағдай шынымен де қорқынышты. Біздің елімізде қазір Ресейде өндірілген Суперджет ұшақтарының бір данасы бар. Оның өзі жеке компанияға тиесілі. Ал, күнделікті жолаушылар тасымалында ұшақтың бұл үлгісі қолданылмайды.
Қолайсыз ауа райы кезінде көкке көтерілген ұшақтардың барлығына қауіп төнеді. Себебі, табиғаттың қандай мінез көрсететінін ешкім білмейді. Негізінен әрбір әуежай арнайы локаторлар арқылы ұшақтың бағытындағы жолды бағамдап отыруы тиіс. Бірақ, бір сәтте жарқылдаған найзағай ұшақты апатты жағдайға алып келуі әбден мүмкін.
Мақаш Әбішев, Авиация ардагері:
- Қолайсыз ауа райы кезінде көкке көтерілген ұшақтардың қанатына, қозғалтқышына, әртүрлі жерлеріне найзағай тиіп жатады. Мұндай жағдайда командирлер өздері нақты шешім қабылдайды. Ал, Шеремьетеводағы жағдайға келсек, апаттың нұсқалары көп. Ең алдымен найзағай ұшақтың қандай бөлігіне тигенін анықтау керек. Барлығы зерттеуден кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!