{metadescription}
Мәскеудегі ұшақ апатына қатысты алғашқы болжамдар айтылды
Мәскеудегі ұшақ апатына қатысты алғашқы болжамдар айтылды

Мәскеудегі ұшақ апатына қатысты алғашқы болжамдар айтылды

Ресейде 41 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Оның ішінде ұшқыштың біліксіздігі, техникалық ақау және ауа-райының қолайсыздығы айтылған. Алайда Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан Мурманскіге ұшқан әуе кемесінің нақты қандай апаттық жағдайда кері оралғаны жұмбақ күйінде қалып отыр.

Бұл бейнежазба жексенбіде Мәскеуден Мурманскіге ұшып шығып, артынан Шереметьево әуежайына қайта оралған ұшақтың ішінде түсірілген. Ажалмен арпалысқан жолаушылардың жанұшыра айқайға басып, көмек сұраған даусынан құлақ тұнады. Өкініштісі, жерге қонған әуе кемесі әлі де жылдамдығын азайтып үлгеретін емес. Ал ұшақ тоқтаған сәтте жолушылар апаттық трап арқылы сыртқа секірген.

- Тезірек, тезірек!

Көкке көтерілісімен арада жарты сағат өтпей әуежайға қайта оралған ресейлік Супержет-100 жолаушылар ұшағы аспанды екі айналып, әрең дегенде жерге қонады. Алайда, сол сәтте ұшақтың шоссесі сынып, қозғалтқыш лезде отқа оранған. Қайғылы оқиғадан 41 адам қаза тапты.

Елена Марковская, РФ Тергеу комитетінің өкілі:

- Ұшақ бортында 73 жолаушы және 5 экипаж мүшесі, барлығы 78 адам болған. Сол жолаушылардың ішінен 37 адам ғана тірі қалды. Оның 4-і экипаж мүшесі.

Апаттан аман қалған 9 адам ауруханаға түссе, өзгелерге түрлі психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Әзірге апаттың бірнеше себебі айтылса да, әуе кемесінің не үшін қайта қонғаны және өрттің неден туғаны нақты белгісіз. Ал жолаушылар мен ұшқыштардың айтуынша, ұшаққа әуеде қалықтап бара жатқанда найзағай түскен көрінеді. Бір анығы, 2017 жылы шығарылған Супержет-100 ұшағы сәуір айында ғана техникалық тексерістен өтіпті. Қазір 41 адамның өмірін жалмаған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Еліміздің сыртқы істер министрлігі таратқан алдын ала мәліметке сәйкес, қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде