{metadescription}

«Алқызыл желкендер» фильмінің тұсаукесері өтті

Ертегідегі хикая өмірде шындыққа ұласа ма? Алматыда қоюшы-режиссер Юрий Цайдың «Алқызыл желкендер» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл еліміздегі фармацевттер түсірген алғашқы туынды. Бақытқа ұмылған Әсел есімді қыздың оқиғасы талайға ой салады. Көпке үміт сыйлап, мамандықты сүюге жетелейтін фильмнің тәрбиелік мәні де зор.

Александр Гриннің «Алқызыл желкендері» көптің жүрегінен орын тапқан классикалық шығарма. Басты кейіпкер Ассольдың тағдыры бәріне мәлім. Қоюшы-режиссер Юрий Цайдың киносы соның желісімен үндес. Тек басты рөлдегі қыздың есімі - Әсел. Ауылдағы дәріханада фармацевт. Арманы асқақ. Хикая сол жайында.

Бір қызығы туындыны түсіруге бастамашы топ - медицина саласының өкілдері. Нақтырақ айтқанда, дертке шипа болатын дәріні жасап, сатумен айналысатын фармацевттер. Сондықтан киноның жабық көрсетілімінде қонақтарды ақ халатты мейірбикелер қарсы алды.

Виктор Ни, «Алқызыл желкендер» фильмінің бас продюсері:

- Фармацевт болғандықтан жұмысымыз солармен тығыз байланысты. Бірақ осы мамандық иелеріне арналған фильм жоқ екенін өзара айтатынбыз. Бір жыл еңбектендік. Осы кино сол олқылықтың орнын толтырады.

Шығармашылық топ әртістер құрамын ұзақ таңдаған. Санжар Мәди, Бибігүл Ақтан, Айнұр Ниязовадан өзге ресейлік актриса Юлия Маргулис басты рөлге бекітілген.

Юрий Цай, «Алқызыл желкендер» фильмінің қоюшы-режиссері:

Кинодағы әр эпизод шынайы түсірілді. Мүлдем декорация қолданбадық. Тағы бір қызық сәт: тіккұшақ көрсетілетін жер бар. 3 сағатқа көп ақша беріп жалдағандықтан қателесуге ешқандай мүмкіндігіміз жоқ екенін түсіндік.

Санжар Мәди, актер:

Менің анам жас кезінде фармацевт болған. Осы фильмді түсіру барысында дәрі сатумен айналысатындардың бизнесін шынайы ұғындым. Рөлім көңілімнен шықты.

Мамандыққа махаббат, адамдар арасындағы қуаныш пен қайғы, достық мен қастықты ұлы арман жеңеді. Сенімі мен рухы мықты адам кез келген қиындыққа қарсы тұрады. Ертегіден шындыққа ұласатын оқиғаны көрермендер жоғары бағалап отыр.

Ерлан Қанатбаев, көрермен:

- Фильмді көрдік. Өте ұнады. Өмірді шынайы көрсеткен.

Бибігүл Ақтан, актриса:

- Туынды әр адамды өз арманына жетелейді. Үнемі армандау керек. Түбінде бәрі орындалады. 

Романтикаға толы туындыны 9 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.