{metadescription}
Гарри ханзаданың ұлына ат қою үшін ағылшындар бәс тігіп жатыр
Гарри ханзаданың ұлына ат қою үшін ағылшындар бәс тігіп жатыр

Гарри ханзаданың ұлына ат қою үшін ағылшындар бәс тігіп жатыр

Ұлыбританияда кеше ғана дүние есігін ашқан тағы бір тақ мұрагерінің есіміне қатысты қызу талқы басталды. Тіпті, сәбидің есімі кім болады деген сұраққа бас қатырған ағылшындар букмекерлік кеңселерде жаппай бәс тігіп жатыр. 

Естеріңізге салсақ, кеше Гарри ханзаданың жұбайы герцогиня Меган Маркл шекесі торсықтай ұл босанған болатын. Салмағы 3 келі 260 грамм болып туған баланың жағдайы жақсы. Ал, бақыттан басы айналған Гарри ханзада уәде еткендей ертең ұлын жұрттың алдына алып шықпақ. Алайда, патша отбасы балаға әлі ат таңдамағандықтан, қазір британдық букмекерлік кеңселердің дәурені қызған. Халық бәс тіккен тізімде Артур, Альберт, Фредерик, Джеймс, Чарльз және Филипп секілді есімдер көш бастап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде